Ғалымдар коронавирустың тағы бір белгісін атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Испаниядағы Ортопедтер кеңесінің дәрігерлері коронавирустың жаңа белгісін анықтады. Бұл туралы  New York Post хабарлайды деп  жазады tengrinews.kz.

Ғалымдардың баяндамасында аяқта желшешек немесе қызылша сияқты ауруларда пайда болатын дақтар шықса, ол COVID-19 жұқтырғанның белгісі. Испания, Италия және Франция елдеріндегі науқастардың көбінің табандарында дақтар болды.

Мұндай дақтар көбіне балалар мен жасөспірімдерде пайда болады. Италиялық 13 жастағы балада пайда болған дақты бастапқыда ата-анасы бір жәндік шағып алған болуы мүмкін деп ойлаған. Ал екі күннен кейін баланың дене қызуы көтерілген. Бірақ мұндай дақтар коронавирустың белгісі екені дәлелденген жоқ, - дейді испаниялық ғалымдар.
 
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы