Аляскада мұздық еріп, төтенше жағдай жарияланды

Аляскада Менденхолл мұздығы еріп, бөгет істен шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Салдарынан өзен суының деңгейі рекордтық деңгейде қатты көтеріліп, аймақты су басып қалды. Әсіресе, Джуно қаласы қатты зардап шекті. Бір түнде жүздеген үй мен кәсіптік нысанға зақым келген. Көліктер су астында қалып, жүріс шектелді.

Мамандар табиғат апатын климаттық өзгеріспен байланыстырып отыр. Мұнда он жылдай уақыт бұрын мұздық шегініп, бұл әр жаз айларында жаңбыр суы мен еріген қарға толған.

Соның салдары тасқынға алып келді, - дейді мамандар.

Қазір аймақта төтенше жағдай режимі жарияланды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: скрин
Өзгелердің жаңалығы