Аляска ең семіз аюды іздеп жатыр

Қыркүйектің 22-сі мен 30-ы аралығында Аляскада ең семіз қонжықты анықтау байқауы – Fat Bear Week өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Катмай ұлттық саябағы жыл сайын қысқы ұйқыға ең жақсы дайындалған ең семіз қоңыр аюды таңдайды. Аюлар турнир форматында жарысады, ал көрермендер жеңімпазға дауыс береді. Неғұрлым майлы болса, соғұрлым чемпион болу мүмкіндігі артады.

Қорық мамандары жыл сайын 10-12 қоңыр аюды іріктеп алып, байқауға бірі шілденің ортасында, екіншісі қыркүйектің басында түсірілген екі фотосуретін ұсынады.

Қорықтың ресми сайтын пайдаланушылар қай аюдың ең көп салмақ қосқанын таңдауы керек.

Ең семіз аюларға дауыс беру де 30 қыркүйекке дейін сайтта жалғасады. Биыл бұл атаққа он екі аю таласуда.

Байқау жеңімпазы ешқандай сыйлық алмайды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жүлде – "қыстан аман қалу". Іс-шара 2014 жылдан бері өткізіліп келеді, бұл әлемнің түкпір-түкпірінен келген адамдарға Алясканың шалғайдағы қасиетті жерде қоңыр аюлардың өмірін бақылауға мүмкіндік береді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы