Альварес Головкинмен үшінші жекпе-жек туралы мәлімдеме жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Төрт салмақта әлем чемпионы Сауль "Канело" Альварес (53-1-2, 36 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) жекпе-жекке дайын екенін мәлімдеді. Мексикалықтың сөзін FOX Sports арнасына сілтеме жасап AS порталы келтіріп отыр. 

Альварестің сөзінше, алдымен коронавирус пандемиясының аяқталғанын күту керек. Мұның алдында індетке байланысты DAZN платформасы жекпе-жектердің барлығын кейінге шегерген.
 

Головкинмен 24 раунд өткіздім. Егер бизнес тұрғысынан ұтымды болса, неге болмасқа? Әзірге ештеңе белгісіз, қазір бәрі тоқтап тұр, ештеңе шеше алмайсың, сондықтан ойланатын түк жоқ. Бізден қазір керек бір ғана дүние – осы жағдайдың аяқталуын күту, – дейді Альварес үшінші жекпе-жек туралы.  


 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы