Альварес абсолютті чемпион атағын қорғап қалды
Лас-Вегаста бокста супер орта салмақта шайқас өтті. Мексикалық мықты Сауль «Канело» Альварес америкалық Джермелл Чарлоға қарсы жекпе-жекте чемпиондық белбеуін қорғады, деп хабарлайды BAQ.KZ Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.
Бокс тарихында тұңғыш рет екі абсолютті әлем чемпионы арасында жекпе-жек өтті. Канело супер орта салмақтағы төрт белбеудің иесі болса, Чарло орта салмақтағы WBA, WBC, WBO және IBF чемпиондық титулдарына қол жеткізген.
Жекпе-жек 12 раундқа созылды. Нәтижесінде төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімінің арқасына Альварес жеңімпаз атанды. Жетінші раундта Сауль қарсыласын нокдаунға түсірді.
33 жастағы «Канело» мансабындағы алпысыншы жеңісін тіркеді. Айта кетейік, ол қазақстандық Геннадий Головкинмен үш рет кездесіп, екі рет ұтып, бір мәрте қос мықты тең тарқасқан еді.
Сондай ақ, осы жекпе-жектің алдында қазақстандық Бек Нұрмағанбет нигериялық Абимбола Осундайроны тізе бүктіріп, кәсіпқой жолындағы он бірінші жеңісін тойлады. Ал, Әбілхан Аманқұл америкалық Джошон Джеймстен айла асыра алмай, мансабында алғаш рет қарсыласпен тең түсті.