Алуа Балқыбекова – бокстан Әлем кубогының күміс жүлдегері
Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының сапында өнер көрсететін Алуа Балқыбекова елордада өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінің финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алуа Балқыбекова 51 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады. Ол финалдық кезеңде Финляндия боксшысы Пихла Кайво-Оямен өзара мықтыны анықтады.
Жекпе-жек тең дәрежеде өтті. Дегенмен, төрешілердің шешімі бойынша Финляндия боксшысы алтын жүлдегер атанды.
Осылайша, Алуа Балқыбекова Қазақстан құрамасының қоржынына екінші күміс медальді салды. Бұған дейін, Нұрбек Оралбай (80 келіге дейін) екінші нәтиже көрсеткен болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақтөбеде домбыраның сазы мен Астананың ажары тоғысқан кеш өтті
Өзгелердің жаңалығы