Алуа Балқыбекова әлем чемпионатының жартылай финалында жеңіске жетті

Алуа Балқыбекова бокстан Астанадағы Әлем кубогының жартылай финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Алуа Балқыбекова елордада өтіп жатқан Әлем кубогының финалына жолдама алды.

Қазақстандық боксшы 1/2 финалдық кезеңде Бразилия өкілі Каролин Барбоса Же Алмейдаға қарсы шаршы алаңға шықты.

Отандасымыз үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, Алуа Балқыбекова 51 келіге дейінгі салмақта Әлем кубогының алтын медалі үшін бақ сынайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Қазақстан Бокс федерациясы
Өзгелердің жаңалығы