«Алтысай» экопаркі аумағында Азия дала мысығы алғаш рет кездесті
Азия дала мысығы алғаш рет Қостанай облысындағы «Алтысай» экопаркі аумағында кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Дала мысығының бұл түрі бұған дейін осы өңірлерде кездеспеген.
Климаттың өзгеруінен жануардың ареалы солтүстікке қарай кеңейіп жатқан болуы мүмкін. Мысықтар бір-бірінен едәуір алшақ орналасқан әртүрлі жерде тіркелді. Осы өңірде жұмыс істеп келе жатқанымызға 15 жыл болса да, жабайы мысықтың бірде-біреуін әлі ешкім көрмепті,- деді «Алтысай» экопаркінің директоры Алексей Тимошенко.
Мамандардың айтуынша, бұл түрдің осы өңірде кездесе бастауының маңызы зор. Кейінгі 30 жылда оның ареалы солтүстікке және батысқа қарай жылдам кеңейіп жатыр. Қазір дала мысығы БҚО аумағынан бастап Абай облысына дейінгі аумақта таралған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы