Бүгiн 2026, 13:49
Фото: ©BAQ.KZ коллажы
Алтынның бағасы айтарлықтай арзандады
Бағалы металл құны 11,3%-ға төмендеген.
Металдардың бағасы сейсенбі күні таңертең айтарлықтай төмендеді. Атап айтқанда, алтын бесінші сауда сессиясы қатарынан арзандап келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Oxu.Az сауда деректеріне сілтеме жасап хабарлағандай, Қазақстан уақытымен сағат 10:26-дағы жағдай бойынша Нью-Йорктегі Comex биржасында маусым айына арналған алтын фьючерсінің бағасы алдыңғы жабылу көрсеткішімен салыстырғанда 64,96 долларға немесе 1,46%-ға төмендеп, бір трой унциясы үшін 4374,54 долларды құрады.
Алдыңғы төрт күннің қорытындысы бойынша бағалы металдың құны жалпы алғанда 11,3%-ға төмендеген.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан әлемде бензин бағасы ең төмен елдердің қатарына енгені туралы жаздық.