Алтынды заңсыз өндіргені үшін жауапқа тартылды
АШМ ЖРБК Қостанай облысының жер ресурстарын басқару департаменті Жітіқара ауданының прокуратурасымен және ішкі істер органдарымен бірлесіп жайылымдық жер учаскесінде заңсыз алтын өндіру фактісінің жолын кесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Тексеру барысында жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің (ЖШС) ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге арналған жер учаскесін иеленгені анықталды.
Алайда, жер иесі оны мақсаты бойынша пайдаланудың орнына, топырақты жуу әдісі арқылы заңсыз бағалы металдар өндірумен айналысқан.
Аумақты тексеру кезінде арнайы техника, металл іздегіштер және пайдалы қазбаларды заңсыз өндіруге арналған басқа да құралдар табылды.
Сонымен қатар, құнарлы топырақ қабатының жойылғаны тіркелді.
Осыған байланысты департамент тарапынан ЖШС-ға 2,6 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.
Сондай-ақ, заңсыз әрекеттер нәтижесінде бұзылған құнарлы топырақ қабатын қалпына келтіру міндеттелді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жеке медициналық кітапшалар қазір онлайн режимінде қолжетімді
Өзгелердің жаңалығы