Алтыналмас кенішіндегі апат: Сотқа дейінгі тергеу басталды

 Жамбыл облысындағы «АК Алтыналмас» акционерлік қоғамының тау-кен байыту кешендегі төтенше жағдайға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Жамбыл облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиға орнында Полиция мен ТЖД қызметкерлері іздеу-құтқару операциясын жүргізді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, - делінген өңірлік Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Бұған дейін Жамбыл облысындағы "Алтыналмас АК" АҚ Тау-кен байыту кешендерінің бірінде тау жынысы құлап, бір жұмысшы үйінділердің астында қалғаны хабарланды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов - архив
Өзгелердің жаңалығы