«Алтын виза» алған шетелдік инвесторларға салықтық жеңілдіктер берілуі мүмкін
Жеңілдіктер жеке табыс салығына, кәсіпкерлік қызметке, мүлік пен жер салығына қатысты болады.
Қазақстанда «Алтын виза» алған шетелдік инвесторларға бірқатар салықтық жеңілдіктер беру ұсынылып отыр. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Салық және кеден саясаты департаментінің директоры Нұрлыбек Шаймаханов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның айтуынша, бұл бастама жаңа Салық кодексіне енгізілетін түзетулер аясында қарастырылып жатыр.
Бірінші мәселе – “Алтын виза” тетігін енгізу. “Алтын виза” иелері үшін жеке табыс салығы, кәсіпкерлік қызметке салынатын салық, мүлік салығы және жер салығы бойынша жеңілдіктер беру ұсынылады, – деді Нұрлыбек Шаймаханов.
Ол бұл жеңілдіктер тек инвесторларға ғана емес, олардың отбасы мүшелеріне де қолданылатынын айтты.
Сонымен қатар, «Алтын виза» иелері үшін Астана халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) инвестициялық резиденті мәртебесін алу тәртібін жеңілдету ұсынылып отыр.
Қазіргі уақытта инвестициялық резидент мәртебесін алу кезінде іріктеу рәсімі жүргізіледі. Ұсынылып отырған өзгерістерге сәйкес бұл талапты алып тастау көзделіп отыр, – деді департамент директоры.
Белгілі болғандай, бұл өзгерістер Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттыруға және елге шетелдік инвесторларды көбірек тартуға бағытталған жаңа Салық кодексіне енгізілетін түзетулердің бір