«Алтын учаскелер». Маңғыстауда 7 млрд теңгенің учаскелері мемлекетке қайтарылды

Маңғыстауда 7 млрд теңгеге жер учаскелері мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Прокурорлық қадағалау шаралары бойынша ағымдағы жылы мемлекетке құны 7 млрд теңгеден асатын, жалпы ауданы 81 мың га 94 жер учаскелері, оның ішінде «Алтын учаскелер» деп аталатын жерлер қайтарылды.

Мысалы, жағалау аймақтарында 2004 жылдан бері игерілмеген 2,6 млрд теңге болатын  255,5 гектар 6 жер телімдері қайтарылды.

Сондай-ақ, прокурорлар жер заңнамасын бұза отырып берілген жерлерді мемлекет меншігіне қайтарған.

Атап айтқанда, құны 1 млрд теңге "OilRealEstate" ЖШС тиесілі 225 гектар жер телімі мемлекетке берілген. Жекелеген аудандарда шамамен 60 жуық ауылшаруашылық жерлер мал басы санының жайылымдардың жалпы алаңына шекті рұқсат етілген жүктеме нормаларына сәйкес келмеу себебінен толық көлемде пайдаланылмаған (20% - дан аз), - делінген Маңғыстау облысының прокуратурасы таратқан хабарламада.

Жауапты тұлғалармен учаскелерді уақтылы түгендемеуі өңірдегі жер ресурстарын ұтымсыз және тиімсіз пайдалануына әкелді.

Қадағалау актілерімен кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - архив
Өзгелердің жаңалығы