«Алтын сапа» және «Парыз» сыйлығының гран-при иегерлері анықталды

Елордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлерге сапа саласындағы президенттің жыл сайынғы «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлығын табыстады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Шағын және орта бизнес кәсіпорындар арасында «ПАРЫЗ» сыйлығының Гран-при жүлдесі Қызылорда облысындағы «Абай Дәулет» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілді.

 Ірі кәсіпкерлік субъектілерінің арасында «Бақыршық тау-кен кәсіпорны» серіктестігі гран-приді жеңіп алды. 

«Алтын Сапа» сыйлығының «Үздік индустриялық жобасы» номинациясы бойынша Қостанай облысындағы «ДЕП» компаниясы жеңімпаз атанды. 

«Алтын сапа» сыйлығының «Үздік инновациялық жоба» номинациясы Маңғыстау облысы, «CleanFieldKazakhstan» компаниясына берілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы