"Алтын сапа". Биыл рәсім өткізілмейтін болды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын тапсыру рәсімі және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсы келесі жылға қалдырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Мемлекет басшысының су тасқыны салдарынан қалыптасқан күрделі жағдайға байланысты имидждік және басқа да ірі іс-шараларды өткізбеу туралы тапсырмасын орындау және бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында осындай шешім қабылданғанын хабарлады.
Президенттің «Алтын сапа» сыйлығына конкурс заманауи менеджменттің даму тенденцияларын ескеретін және Еуропалық сапа сыйлығының үлгісімен үйлестірілген үлгі бойынша өткізіледі. Сонымен қатар, критерийлер өнімдер мен қызметтердің сапасы саласындағы жетістіктері үшін ТМД сыйлығына сәйкес келеді. Ол менеджменттің жетекші рөлін, ұйымның сапа саласындағы саясаты мен стратегиясын және тұтынушылардың өнім мен қызмет сапасына қанағаттануын сипаттайтын көрсеткіштердің маңыздылығын күшейтеді. Модельді пайдалану ұйымдардағы жұмыс сапасының деңгейін неғұрлым егжей-тегжейлі бағалауға мүмкіндік береді.
«Алтын сапа» байқауына жыл сайын елімізде 200-ге жуық кәсіпорын қатысады.