«Алтын Қыран», қытай әні. Қазақстан Си Цзиньпинді жоғары деңгейде қарсы алды – Қытай СІМ

Қазақстан Си Цзиньпинді жоғары деңгейде қарсы алды. Бұл туралы Қытай Сыртқы істер министрлігінің Еуропа және Орталық Азия департаменті директорының орынбасары Лю Цзянпин мәлімдеді, деп хабарлады Baq.kz тілшісі.

Бейжіңде Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің Орталық Азияға (Қазақстан, Өзбекстан) жасаған мемлекеттік сапарының нәтижелеріне арналған баспасөз конференциясы өтті.

Қытай Сыртқы істер министрлігінің Еуропа және Орталық Азия департаменті директорының орынбасары Лю Цзянпин бүгінгі күнде ШЫҰ ықпалды аймақтық ұйымға айналып үлгергенін айтты.

Қазір ШЫҰ ықпалды аймақтық ұйымға айналды. Саясат, қауіпсіздік, экономика, мәдениет және коммуникация салаларындағы ынтымақтастық ілгерілеп жатыр. Олар халықаралық қатынастардың жаңа түрінің үлгісін көрсетті. Биыл ШЫҰ жарғысының қабылданғанына 20 жыл, тату көршілік пен достық ынтымақтастықтың 15 жылдығы, - деп айтты ол.

Сонымен қатар Қытай СІМ өкілі Аспан асты елі Президентін Қазақстан өте жоғары деңгейде қабылдағанын атап өтті.

Төраға Си Цзиньпинді Президент Тоқаев және Сыртқы істер министрі, сондай-ақ Астана әкімі әуежайда жоғары деңгейде қарсы алды. Сондай-ақ Қазақстан басшысы Тоқаев Си Цзиньпинмен қытай тілінде жылы лебізін білдіріп, амандасты. Тоқаев резиденцияда салтанатты қарсы алу рәсімін ұйымдастырып, «Алтын Қыран» орденін табыс етті. Бұл - Қазақстанның ең жоғары наградасы, - деді Лю Цзянпин брифингте.

Сондай-ақ ол Тоқаев қазақстандық әртістердің орындауындағы қытайдың танымал әні «Азалияны» арнайы дайындаған айтты.

Келіссөздер алдында Президент Тоқаев төраға Си Цзиньпинмен бірге Қытай мен Қазақстанның жауһарлары қойылған «Қазақстан-Қытай: мыңжылдық диалогы» көрмесін де аралады. Көптеген экспонатты Президент Тоқаевтың өзі таңдап алған. Сондай-ақ ол осы жәдігерлерді төраға Си Цзиньпинге өзі таныстырды. Қазақстанның баға жетпес картиналары, қытай фарфоры, жібек және керамикалық бұйымдар топтамалары екі ел арасындағы мыңжылдық өркениет алмасудың жарқын дәлелі, сондай-ақ көп ғасырлық достықтың куәсі болып саналады, - деп айтты ол Бейжіңде өткен баспасөз конференциясында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы