Алтын Орда кезеңіндегі тиындар табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Азов мұражай-қорығының археологтері XIV ғасырда Алтын Орданың Азак қаласы орналасқан, қазіргі Ростов облысындағы Азов қаласы аумағында жүргізген қазба жұмыстары кезінде 32 орда тиынын тапқан. Ал Азак – әйгілі Доспамбет жырау айтқан Азаулы қаласы. Бұл туралы ТАСС агенттігіне тарих ғылым­дарының кандидаты, мұражайдың археология бөлімінің меңгерушісі Андрей Масловский баяндады, деп жазды aikyn.kz.

Жібек жейденің қиындысына оралған қазына табылды. Әзірге қазба жұмыстары Петров желекжолында жүргізілген (2019 жылы археологтер Азовтың орталығында көлемді қазба жұмыстарын жүргізген еді), рес­тавраторлардың тазалауға талай уақыты кетті. Бірақ бұл қазынаның Азак үшін атаулы күн бойынша жалғыз болып табылатынын айта кету керек, – деді ол археологтердің бұған дейін Азак аумағында ежелгі заманғы қазыналардың табылмағанын қосып.
Масловский Азактағы тас үйлердің жа­бынқышпен жабылғанын анықтауға мүм­кіндік берген тағы бір олжаның үлкен қызы­ғушылық тудырғанын атап өтті.
Былтыр бұл тас ғимараттарды анықтау кезінде Азакта жабын қыш болғаны белгілі болды, бірақ Орта ғасырдағы жабынқыш екі түрлі – тегіс және жартылай дөңгелек науа түрінде еді. Басқа алтынордалық қалаларда да жабынқыш екі түрлі ғана болса, Азакта – науа ғана. Өткен жылы Азак шеберлерінің жабынқышты тек науадан салу әдісін ойлап тапқанын түсіну мүмкін болған, бұл жаңалық сол уақыттың құрылысын айқындап отыр. Мұнда қамыс емес, жабынқыш шатыры болғаны анық­талды, – деп атап өтті ғалым.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы