«Алтын-Орда» базарында үш ғимараттың шатыры өртенген

Алматы облысы ТЖД "Алтын Орда" базары аумағындағы дәмханалардың біріндегі өртке қатысты ақпаратпен бөлісті.

Алматы облысы ТЖД-ның хабарлауынша, 2 шілдеде сағат 13:19-да кезекші бөлімнің пультіне Алматы облысының Қарасай ауданындағы Алматы-Бішкек тас жолы бойында, "Алтын Орда" базарының аумағында орналасқан "Құрдас-7" базарында үш ғимараттың шатыры өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті: самса пісіретін үй-жайдың шатыры, ломбард ғимаратының және екі қабатты дәмхананың шатырлары.

Өрт сөндірушілер қызыл жалын шалған аумақтың ауданы 200 шаршы метр екенін атап өтті.

Оқиға орнына аттану кестеге сәйкес шақыртудың жоғары дәрежесі бойынша жүргізілді. Отты сөндіруге Алматы облысы ТЖД-ның (16 қызметкер, бес техника), Алматы қалалық ТЖД-ның (11 қызметкер және екі техника), аудандық полиция бөлімінің (алты қызметкер және екі техника) күші мен техникасы жұмылдырылды. Сағат 14: 14-те өрт сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, – деді Алматы облысы ТЖД.

Өрттің шығу себебін анықтау үшін оқиға орнына ТЖД Өрт сынақ зертханасы мамандары жіберілді.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы