"Алтын Орда" базары директорының орынбасары ұсталды
Алматы облысында "Алтын Орда" базары басшыларының бірі құрықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы полицияға сілтеме жасай отырып "Пятый регион" мәлім етті.
Белгілі болғандай базар басшысының орынбасары 2 маусымда ұсталған.
Полиция мәліметінше, Қарасай аудандық ПБ кезекші бөліміне BMW маркалы көліктегі қаруланған адамдар туралы ақпарат түскен.
Ұсталғандардың арасында "Алтын Орда" базары басшысының орынбасары болғаны анықталды. ҚР ҚК 287-бабы "Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Базар баспасөз қызметінің мәліметінше, ұсталған күзетшілердің қару ұстауға барлық рұқсат қағазы бар.
Сондай-ақ "Пятый регион" деректеріне сәйкес, құрықтау операциясына полициядан бөлек, ҰҚК қызметкерлері қатысқан көрінеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
"Іс арызсыз қозғалады". Отбасылық тирандар 10 жылға сотталады
Өзгелердің жаңалығы