"ALTYN OIMAQ" дизайнерлер байқауының жеңімпаздары мараптталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін "ЭКСПО" конгресс-орталығында "ALTYN OIMAQ" киім дизайнерлері арасындағы ұлттық байқаудың ең алғашқы жеңімпаздары марапатталды.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін "ЭКСПО" конгресс-орталығында "ALTYN OIMAQ" киім дизайнерлері арасындағы ұлттық байқаудың ең алғашқы жеңімпаздары марапатталды.
Байқау киім-кешек және әшекейлердің ұлттық брендтерін қалыптастыру мен насихаттау, жаңа есімдер мен брендтерді ашу және қолдау, сонымен қатар қазақстандық жеңіл өнеркәсіпті дамыту мен сұранысын ынталандыру мақсатында өткізілді.
Қазақстан қолөнершілер одағының төрайымы Айжан Берікқұлова әр аталым бойынша жеңімпаздарға арнайы мүсінше – табыс етті.
Жеңімпаздар:
"Ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген балалар киімінің үздік дизайны" –Айнагүл Мазинова;
"Ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген үйге арналған текстильдің үздік дизайны" – Евгения Жандарбаева;
"Ұлттық әшекейлердің үздік дизайны" – Сәкен Қаржаубаев;
"Спорт аяқ киімінің үздік кастом-дизайны" – Айбибі Әбуова;
"Ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген спорт киімнің үздік дизайны" – Алина Далинова;
Лауреаттарды анықтау мақсатында "Атамекен" ҰКП 11 адамнан тұратын комиссия құрамын бекітті. Бірінші кезеңде әр аталым бойынша екі үміткер іріктелді. Екінші кезеңде 12 үміткер www.altynoimaq.kz сайты арқылы қоғамдық дауыс беруге шығарылды. Дауыс беру нәтижесінде ең көп дауыс жинаған байқаудың алты лауреаты анықталды. Биыл алғаш рет өткен байқауға 284 өтінім келіп түсті.
- Биыл елімізде 90 жаңа білім ошағы ашылады 09:13
- Павлодарда офицер жалған уәде арқылы ақша алғаны үшін сотталды 08:45
- Германияда бесінші банкке ұры түсті 08:25
- Қазақстан Қарулы Күштерінде жоспарлы тексеру жүргізіледі 08:04
- Бүгінгі валюта бағамы қандай 07:55
- Қытай Ұлыбритания мен Канада азаматтары үшін визасыз режим енгізеді 07:15
- Ақмола облысында танысын қорқытып, несие алдырған күдікті тергеліп жатыр 06:50