Алтын мен ұялы телефон ұрлығы: Полицейлер күдіктіні бір күнде-ақ ұстады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазығұрт аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып келді. Ол өз арызында түскі уақытта үйінде болмаған кезде, белгісіз біреулердің үйіне заңсыз кіріп, алтын бұйымдары мен ұялы телефонын ұрлап кеткендігін айтқан.
Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 72 мың теңгені құрайды. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркелді. Орын алған қылмысты ашу мақсатында Қазығұрт АПБ-нің тәжірибелі қызметкерлерінен жедел тергеу тобы құрылып, күдіктіні ұстауға кіріседі.
Осылайша тәртіп сақшыларының жүргізген жедел іздестіру жұмыстары барысында күдікті азамат 1 күн ішінде анықталып, тұрғылықты мекенжайында ұсталды.
Тергеу барысында анықталғандай, жергілікті тұрғынның үйіне құлпын бұзу арқылы кіріп, алтын бұйымдар мен 2 дана ұялы телефонды жымқырған. Күдікті өз ойын іске асырғаннан соң, ұрланған заттарды сатып жіберіп, ақшасын өз қажеттілігіне жаратқан. Полицейлер ұсталған ер азаматтың бұрын бұзақылықпен сотты болғандығын анықтады, - делінген ақпаратта.Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу жалғасуда. Ол өз кінәсін мойындады.
Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға ұрлықтың алдын алу үшін барлық қажетті сақтық шараларын сақтауды ескертеді. Үйлеріңізге мүмкіндігінше бейнебақылау камералары мен дабылқаққыш орнатыңыздар. Сондай-ақ есіктеріңізге берік құлыптар, терезелеріңізге темір торлар жасатыңыздар, - дейді полиция өкілдері.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елбасының бастамасымен мұқтаж азаматтарға көмек көрсетіледі
Өзгелердің жаңалығы