Жамбыл облысында алтын кенді тастар жинаған сегіз адам ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында сегіз адам құрамында бағалы металл бар кен тастарын жинаумен айналысқан. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«2019 жылдың 27 шілдесінде Мойынқұм ауданының полиция бөлімінің «102» пультіне құрамында алтыны бар кен тастарын жинаған азаматтар туралы хабарлама келіп түсті. Олар кен тастарын жинаумен айналысып, оларды «УАЗ» маркалы үш автомашинаға тиеген», - делінген хабарламада.


Полиция департаментінің мәліметінше, тексеру барысында полиция қызметкерлері құрамында бағалы металл бар төрт қап кен тастарын тәркіледі. Осы дерек бойынша сегіз күдікті ұсталды. Тәркіленген кен тастарына сот-химиялық сараптамасы тағайындалды.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 334-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы