"Алтын Емел" ұлттық паркінің аумағында өрт болды

Өрт 2гектар жерді шарпыған, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, өртті сөндіруде 45 адам жұмылдырылды.

Кеше түнде Кербұлақ ауданында "Алтын Емел" МҰТП аумағында Іле өзенінің бойында құрғақ қамыс пен бұталар өртенді. Өрт жалпы ауданы 2 га жерде жойылды. Өртті сөндіруде 45 адам және 12 бірлік техника ТЖД, ЖАО және "Алтын Емел" МҰТП күштері мен құралдары жұмылдырылды. Өрттің себебі анықталуда, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ТЖМ
Өзгелердің жаңалығы