Алтын десерт: Әлемдегі ең қымбат шоколад Гиннестің рекордтар кітабына енгізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Гиннестің рекордтар кітабын енгізілген әлемдегі ең қымбат шоколад Үндістанда жасап шығарылды.
"МИР 24" телеарнасының мәліметіне сәйкес, трюфельді шоколадтың бір келісінің құны - 6221 доллар.
Кондитер Филипп Контисинидің идеясы бойынша жасалған жиынтығындағы 3 дана десерт бар шоколад адам өмірінің циклін бейнелейді: адамның өмірге келуі, өсіп-өнуі және өмірден өтуі.
Шоколадты дайындау үшін сирек кездесетін ингредиенттер қолданылды: "Голубая гора" атты ямайкалық кофе, таитяндық ванильді какао-бұршақтары, ақ бельгиялық шоколад және пьемонт орман жаңғағы (фундук). Дәл осы өнімдер аталмыш деликатестің қымбат бағада сатылуына себеп болды.
"Айта кетейік, әлемдегі ең қымбат шоколад кондитерлік дүкенде емес, зергерлік дүкенде сатылады. Мәселен, Cadbury батончигі алтыннан жасалған жұқа қағаздарға оралған. Бір данасы 1628 доллар тұратын тәттіні қаптамасымен қоса жей беруге болатын көрінеді", - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы