17 Сәуір 2025 2025, 01:29
Фото: freepik
Алтын бағасы жаңа тарихи рекорд орнатты
Алтынның биржадағы құны жаңа тарихи шекті еңсеріп, бір троя унциясы үшін 3 301,62 долларға жетті.
Алтынның биржадағы құны жаңа тарихи шекті еңсеріп, бір троя унциясы үшін 3 301,62 долларға жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Comex биржасындағы маусым айындағы алтын фьючерстері 1,89%-ға, яғни 61,22 долларға қымбаттаған. Бұл көрсеткіш алтын бағасының рекордтық деңгейге жеткенін білдіреді.
Сарапшылардың айтуынша, алтын бағасының күрт өсуіне Қытайдың АҚШ-қа қатысты жаңа кедендік баж салығын енгізуі себеп болған. Геосаяси шиеленістер аясында алтын дәстүрлі "қауіпсіз актив" ретінде сұранысқа ие болып отыр.