Бүгiн 2026, 10:18
Фото: freepik.com
Алтын бағасы тағы рекорд жаңартты: бір унциясы 4700 доллардан асты
Comex биржасында алтын фьючерстерінің құны бірнеше сағат ішінде 3 пайыздан астам өсті
2026 жылғы маусым айында жеткізілетін алтын фьючерсінің бағасы Comex биржасында бір трой унциясы үшін 4 700 доллардан асты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мұндай көрсеткіш соңғы рет 2026 жылғы 27 сәуірде тіркелген еді.
Oxu.Az сауда алаңының деректеріне сілтеме жасап хабарлағандай, Қазақстан уақытымен сағат 13:50-дегі мәлімет бойынша, алтын бағасы 3,14%-ға өсіп, бір трой унциясы үшін 4 711,9 долларға жеткен.
Ал сағат 14:00-де фьючерс бағасының өсімі үдей түсіп, бір трой унциясы үшін 4 720,2 долларды (+3,32%) құрады.