Алтын бағасы қымбаттады
Биылдыққа алтын 7 мың теңгеге қымбаттады, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
Мәселен, 3 қаңтарда Ұлттық банктің есебі бойынша 1 грамм алтын 30 323 теңге 51 тиынға бағаланса, кеше яғни 5 тамыз күні 37 560 теңге 84 тиынға жетті. Десек те, елден алтынға сұраныс көп. Биылғы жылдың ІІ тоқсанында 780 келіге жуық алтын сатылды.
Тұтынушыларға 5, 10, 20, 50 және 100 грамдық құйма түрінде ұсынылды. Мұның ішінде 100 грамдық құйма көп сатылған. 14 752 құйманың 25 пайызы осы 100 грамдық құймалар. Алтын бағасы
1 грамм 03.01.2024 ж. – 30 323,51 теңге
05.08.2024 ж. – 37 560,84 теңге
779,2 келі сатылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Қысқы балық аулау. Ондаған азамат жауапкершілікке тартылды
Өзгелердің жаңалығы