Алтын бағасы күрт құлдырады: Соңғы үш айдағы ең төменгі деңгей тіркелді
Нарықтағы күтпеген өзгерістер мен геосаяси шиеленіс бағалы металға әсер етті. Сарапшылар құлдыраудың басты себептерін атады.
Сәрсенбі күні алтын бағасы күрт төмендеп, соңғы 11 аптадағы ең төменгі деңгейге жетті. Нарыққа АҚШ долларының нығаюы, мұнай бағасының өсуі және АҚШ-та жоғары пайыздық мөлшерлемелердің сақталатыны туралы күтілімдер қысым көрсетіп отыр. Бұл туралы Reuters агенттігі жазды.
Спот-нарықтағы алтынның құны 1,8%-ға төмендеп, бір унция үшін 4187,59 долларды құрады. Бұл – 23 наурыздан бергі ең төменгі көрсеткіш.
Сонымен қатар тамыз айында жеткізілетін алтын фьючерстерінің бағасы да 1,7%-ға арзандап, бір унция үшін 4213,40 долларға дейін төмендеді.
Нарықтағы өзгерістерге не әсер етті?
Сарапшылардың айтуынша, алтынның жаппай сатылуына Таяу Шығыстағы ахуалдың шиеленісуі себеп болған.
Сейсенбі күні АҚШ Иран аумағындағы нысандарға соққы жасады. Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Ормуз бұғазында америкалық Apache тікұшағының атып түсірілгенін мәлімдеген еді.
Осы оқиғалар аясында мұнай бағасы қымбаттап, АҚШ долларының бағамы күшейді.
Экономистердің пікірінше, доллардың нығаюы дәстүрлі түрде алтын бағасына кері әсер етеді. Себебі бұл өзге валюталарды пайдаланатын инвесторлар үшін алтынды қымбаттатып, оның тартымдылығын төмендетеді.
Еске салсақ, бұған дейін алтын бағасы тағы рекорд жаңартып, бір унциясы 4700 доллардан асқаны туралы хабарланған еді.
- ҚҚС түсетін түсім бір жарым есеге жуық өсті – вице-премьер 11:37
- Қазақстанда кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2,9 миллионға жетті 11:21
- Бозжырадағы түсірілім: Джеки Чан Маңғыстаудың табиғатына тәнті болды 11:10
- Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын ұлғайтуды көздеп отыр 11:01
- Серік Жұманғарин: Қазақстан экономикасының өсімі 4,1%-ға жетті 10:43
- Қазақстанда вегетация кезеңінде 701 мың гектар егістік суарылды 10:21
- Зейнетақы жинағын жеке басқарушы компанияларға аударушылар саны 3 есе артты 10:03