Алтын бағасы алдағы бір жылда 5013 долларға дейін қымбаттауы мүмкін
Мұндай болжамды Лондон бағалы металдар қауымдастығының (LBMA) отырысына қатысушылар жасады.
Алдағы 12 айда алтынның бағасы бір трой унциясына 5013 долларға дейін өсуі мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ «Прайм» агенттігіне сілтеме жасап.
Италияның Сорренто қаласында өтіп жатқан Лондон бағалы металдар қауымдастығының жыл сайынғы жиынына қатысушылар сейсенбі күні алдағы 12 айда алтын бағасы бір трой унциясына 5013 долларға жетеді деген болжам жасаған. Бұл туралы Reuters агенттігі LBMA отырысына қатысушылардың болжамына сілтеме жасап хабарлады.
Reuters атап өткендей, бір жыл бұрын қауымдастық мүшелері қазіргі уақытқа қарай бағалы металдың құны 4980 доллар болады деп күткен. Ал сейсенбі күні алтынның бағасы бір трой унциясына шамамен 4190 доллар деңгейінде саудаланды.
Сонымен қатар LBMA отырысына қатысушылардың болжамынша, күмістің бағасы бір жылдан кейін қазіргі шамамен 62 доллардан 97 долларға дейін көтерілуі мүмкін.
Қауымдастық мүшелері платина мен палладийдің бағасы алдағы 12 айда тиісінше 1914 және 1415 долларға жетеді деп болжап отыр. Қазіргі уақытта платинаның бағасы 1710 доллар, ал палладийдің бағасы 1175 долларды құрайды.
Бұған дейін сарапшылар әлемдік нарықтағы өзгерістердің алтын бағасына, Қазақстан резервтеріне және азаматтардың жинағына ықпалын түсіндіргенін жариялаған болатынбыз.