Алты жыл бұрын тарап кеткен министрлік қайта құрылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің жолдауында төтенше жағдайлар министрлігі құрылатынын айтты.

Айта кетейік, төтенше жағдайлар министрлігі 2014 жылы ішкі істер министрлігінің құрамына комитет ретінде қосылған болатын. Биылғы жылдың ақпан айында сенатор Мұхтар Құл-Мұхаммед төтенше жағдайлар министрлігін құру туралы ұсыныс айтқаны бар.

Ішкі істер министрлігі құрылымын оны бейінді емес функциялардан босатып, қайта қарау керек. Бұл осы маңызды ведомство жұмысының тиімділігін арттырады. Табиғи және техногендік апаттар дәуіріне енгенімізді ескере отырып, төтенше жағдайлар министрлігін қайта құру қажет деп санаймын, - деді Тоқаев.
Айта кеткен жөн, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жариялап отыр.

Жолдауды барлық республикалық телеарналар тікелей эфир арқылы көрсетіп, негізгі радиостанциялар тікелей толқында таратуда.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Өзгелердің жаңалығы