Алты жасар бала алтыншы қабаттың терезесінен құлады

Бүгін Теміртау қаласында ересектердің қарауынсыз қалған 2018 жылы туған бала 6-қабаттағы пәтердің терезесінен құлады. Бала алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Көп қабатты үйлердің терезелерінен балалардың құлауына байланысты жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында ТЖМ ескертеді: 

Балаларды қараусыз қалдырмаңыз! 

Балалар бар пәтерлердің терезелерін арнайы қорғаныс құрылғыларымен жабдықтаңыз! 

Баланың өздігінен ашылуына жол бермеу үшін терезе тұтқаларын құлыптаңыз! 

Ешқашан москит торларын қолданбаңыз-балалар оларға сүйеніп құлайды! 

Баланың терезеге көтерілуіне жол бермеу үшін жиһаздың барлық түрлерін терезелерден алыстатыңыз!

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы