Кезекті жарыс күнінің қорытындысы бойынша U19 жас санатында алты қазақстандық боксшы ширек финалға өтті.
Әділ Асқанбай (50 келіге дейін), Едіге Нұрғожа (55 келіге дейін), Хамза Мақсатұлы (75 келіге дейін) 1/8 финалдағы жекпе-жектерінде техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
ҚР ҰОК мәліметінше, Досжан Жұмақан (60 келіге дейін), Ақжүрек Қалабай (65 келіге дейін), Бейбарыс Әшірбай (70 келіге дейін) өз бәсекелерінде төрешілердің шешімімен басым түсті.
Айта кетейік, ширек финалдық жекпе-жектер 9 шілдеде басталады.