Алты өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2 қазанда еліміздің алты өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, Абай облысында оңтүстік-шығыстан соғатын жел бағыты солтүстікте күндіз солтүстік-батысқа ауысады, облыс орталығында желдің секундына 15-20 метрге дейін соғуы болжанып отыр. Облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, ал оңт.стік бөлігінде өте жоғары өрт қаупі бар. Семейде жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысында солтүстік-шығыстан жел соғып, солтүстікте, шығыста, облыс орталығында екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Облыстың солтүстігі мен солтүстік-шығысында өрт шығу қаупі жоғары, облыстың басым бөлігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Өрт қаупі әлі де жоғары болады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде және орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Өскеменде де өрт шығу қаупі жоғары.

Қарағанды облысында солтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде бағыты солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысы мен шығысында өте жоғары өрт қаупі бар.

Қостанай облысында облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының басым бөлігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында да өрт қаупі жоғары. Қызылордада өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ - архив
Өзгелердің жаңалығы