Алты облыста дауылды ескерту жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің алты облысында дауылды ескерту жарияланды.
Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан қатты жел соғып, артынан батысқа қарай ойысады, жел екпіні 15-20 м / с құрайды.
Ақмола облысында оңтүстік-шығыстан 15-20 м / с жылдамдықпен жел соғады.
Батыс Қазақстан облысында тұман түсіп, найзағай ойнайды. Кей жерлерде жел екпіні 15-20 м / с құрайды.
Қызылорда облысында күндіз кей жерлерде найзағай болады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел батысқа ойысады, кей жерлерде 15-20 м / с құрайды.
Қостанай облысында кей жерлерде тұман түседі деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан 15-20 м / с жылдамдықпен жел соғады. Қостанайда күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады. Желдің екпіні 15-20 м / с болады деп күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел екпіні – 15-20 м / с, кей жерде – 25 м / с.
Петропавлда күндіз оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м / с болады деп күтіледі.