Алты мыңға жуық адам жаңажылдық демалысты Бурабай мен Зерендіде өткізген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңажылдық демалысты 6 мыңға жуық адам Бурабай мен Зеренді курортты аймақтарында өткізген, деп хабарлайды 24.kz.

Туристердің 4 мыңнан астамы Бурабайдағы қонақ үйлерге тоқтаса, 2 мыңға жуығы Зерендінің туристік нысандарын таңдапты. Осылайша, ондағы демалыс орындары 95%-ке дейін толған. мамандардың айтуынша, бұл былтырғымен салыстырғанда 7-10%-ға көп. Оған бірнеше себеп бар. Мәселен, қазір аталған екі курортқа да апаратын жолдар тақтайдай теп-тегіс. Айталық, Щучинск – Зеренді тас жолы жаңадан салынып, 2019 жылдың күзінде пайдалануға берілді. Одан бөлек, өңірде қысқы туризм де жыл сайын дамып, ойын-сауық түрлері көбейіп келеді.
Келген туристерге барлық ойын-сауықтырулар дайындалды. Қысқы бар, ішіндегі ойын-сауықтырулар, осы курорттың дайындаған өздерінің бағдарламалары болды. Аяз атасы, шыршасы. Балаларға да бөлек бағдарлама әзірленді. Зеренді енді Бурабайға қарағанда бағасымен төмендеу болғаннан кейін кішкене көбірек келгені сол ғой, - деді облыстық туристік-ақпараттық орталығының жетекшісі Ерлан Мүсіпов.




Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы