Алтай Көлгінов мәдениет және өнер саласының өкілдерімен кездесті

Астана қаласының әкімі Алтай Көлгінов мәдениет саласының қызметкерлерімен кездескенін мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордамыз мәдени орталық болып саналады. Жұрт сүйсінерлік қойылымдар мен шығармашылық жетістіктердің артында мәдениет және өнер қайраткерлерінің орасан зор еңбегі жатыр. Олар сол сияқты өскелең ұрпақтың тәлім-тәрбиесіне өлшеусіз үлес қосып келеді. Жылдан жылға мәдени мекемелерге – театрларға, мұражайларға, кітапханаларға баратындар қатары артып келеді, - деді қала әкімі.

Кездесуде мәдениет саласын дамыту және еңбек жағдайын одан ары жақсарту мәселелері талқыланды. Мәдениет және өнер қайраткерлері мәдени нысандар желісін кеңейту, ғимараттарды жөндеу, шетелдік әріптестерімен тәжірибе алмасу, жалақы мөлшерін көтеру мәселелерін қозғады, сондай-ақ тұрғын үй және басқа да өзекті мәселелер талқыланды. 

Алтай Көлгінов кездесуде айтылған проблемаларды шешу жұмысы қолға алынып, кестеге енгізетінін айтты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы