Алтай Көлгінов LRT жобасының қалай шешім табатынын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қала әкімі банктер арқылы инвестиция тарту жұмысы жалғасып жатқанын айтты.
LRT құрлысы өте күрделі әрі көп қаржыны қажет ететін жұмыс. Бірақ біз жобаны аяқтаумыз тиіспіз. 2016 жылы концорциуммен және банктермен келісішарт бекітілген. Келісімшарт қа қол қойылғанымен, кейбір банктерге проблемаға байланысты жоба уақытша тоқтатылған болатын. Қазір банктер арқылы инвестиция тарту бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Жобаны аяқтауымыз керек. Толық ақпарат берейін. Жобаның құны 1,8 млрд доллар тұрады. Оның ішінде 347 млн доллар қазірдің өзінде игеріліп қойған. О баста несие 4,9 пайызбен Қытай даму банкінен алынғанын білесіздер. Кейін біз үнемдеу туралы шешім қабылданды, -дейді А. Көлгінов.
«Елорда жастары» бағдарламасы бойынша 35 жасқа дейінгі жастарға берілетін 600 пәтер не себепті 200-ге қысқарып қалды?
Журналист сұрағына жауап берген елорда әкімі Алтай Көлгінов бағдарлама үшін Отбасы банкпен бірге 1 млрд теңге қаржы бөлінгені туралы айтты.
«Елорда жастары» биыл әкімшіліктің ұсынысымен және жастардың ұсынысымен қабылданған бағдарлама. Бұл бастамасы. Біз қазір бағдарлама үшін Отбасы банкпен бірге 1 млрд қаржы бөлдік. Ол әлі жеткіліксіз. Биылдың өзінде 200 пәтерді жоспарлап отырмыз. Ал 600 пәтер берілуі келесі жылы жалғасын табатын болады,-дейді қала әкімі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Ұлттық банк коллекциялық монеталарды айналымға шығарады
Өзгелердің жаңалығы