Алтай Көлгінов елімізде қанша адам төмен жалақы алатынын айтты
Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңесте қанша адамның төмен жалақы алатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Үкімет әлеуметтік салада халықты толғандыратын негізгі мәселелер және оларды шешу жолдары бойынша жүйелі жұмыс істеп жатыр. Халықтың табысын арттыру бағдарламасы жетілдіріліп, Әлеуметтік Кодекс әзірленді, - деді ол.
Сонымен қатар сөзінше, білім беру және ғылым, мәдениет, спорт, туризм, сондай-ақ жастарды қолдауға бағытталған тұжырымдамалар қабылданды.
Көлгінов халықтың табысын арттыру және жұмыспен қамту мәселелеріне жеке тоқталып өтті.
Инфляцияның өсу салдары халықтың, әсіресе әлеуметтік осал топтардың нақты табысының төмендеуіне өз әсерін тигізді. Төмен жалақы алатын адамдардың саны қазір млн-ға жуық, - деп айтты Алтай Көлгінов кеңесте.
Үкімет мүшесі атап өткендей, былтыр атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алатындардың саны 800 мыңға жуық болса, биылдың бірінші тоқсанында олардың саны 446 мың болды. Негізгі бөлігі – аз қамтылған отбасылар.