"Алтай" хоккей клубы жабылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жастар хоккей лигасында ойнайтын қазақстандық "Алтай" жастар хоккей клубы жабылды. Бұл туралы 26 мамырда клубтың жаттықтырушылар кеңесінде айтылды, деп хабарлайды Prosports.kz Өскемендегі Vksport.kz порталына сілтеме жасап.
Бұл шешім енді ғана қабылданды. Жалпы 16 наурызда "Торпедо" бас директорының спорт жөніндегі орынбасары Виктор Быстрянцев пен "Алтайдың" сол кездегі бас бапкері Олег Болякин клубтың болашағы туралы басқаша сөйлеген болатын.
Айта кетейік, команданың таратылуы туралы ресми мәлімдеме әлі болған жоқ.
Еске сала кетейік, коронавирус пандемиясы кесірінен плей-офф кезеңінде мерзімінен бұрын аяқталған ЖХЛ маусымында Өскеменнің "Алтайы" Шығыс конференциясында 17 команданың ішінен 13-орынға ие болды.
Енді Жастар хоккей лигасында Қазақстандық бір ғана клуб - астаналық "Барыс" ойнайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Оралда 284 отбасы баспаналы болды
Келесі жаңалық
Елімізде алдағы үш күнде қандай ауа райы күтіледі?
Өзгелердің жаңалығы