Алтай Көлгінов Есіл ауданының тұрғындарымен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімі Алтай Көлгінов Есіл ауданының тұрғындарымен кездесті. Кездесу 3 сағатқа созылды. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тұрғындар әкімге 100-ден астам сұрақтар қойды. Әр адам ауданды дамыту бойынша толғандырған сұрақтар мен ұсыныстарды айтты. Тұрғындар елді-мекендерді дамыту, қалалық қоғамдық көліктің жұмысы, әлеуметтік нысандардың құрылысы, көшелерді жарықтандыру, санитарлық тазалау бойынша сұрақтар қойды. 

Сондай-ақ үлестік құрылыс нысандарының құрылысын жаңарту, соның ішінде "Шығыс", "Жағалау" тұрғын үй кешендері және осы тұрғын үй нысандарымен байланысты басқа да мәселелер көтерілді. 

"Шығыс" тұрғын үй кешенінде 8 тұрғын үй тобы бар. 3 топ бойынша құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр, 2 топ бойынша – жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде, қалғандары бойынша – қаржы моделі әзірленіп жатыр. "Алтын Шар" тұрғын үй кешенін "Нұрлы Жер" бағдарламасы аясында аяқтау жоспарланып отыр. "Жағалау" тұрғын үй кешеніндегі   №3 полигонда  құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құрылыс салушы уәде береді, алайда берген уәдесінде тұрмайды, тұрғындардың сенімін ақтамайды. Заң аясында шешім қабылдайтын боламыз", - деді қала әкімі Алтай Көлгінов. 

Елорда әкімі Алтай Көлгінов биыл құрылысы ұзаққа созылған проблемалық тұрғын үй кешендерінің саны 10-ға азайғанын айтты. Бұл 2,5 мың үлескердің мәселесін шешуге мүмкіндік берді. Желтоқсан айының соңына дейін өз пәтерлеріне "Комфорт De Luxe" тұрғын үй кешенінің үлескерлері қоныстанады. 

Үлестік құрылыстағы негізгі проблемалар құрылыс салушылармен және пайшылардың арасындағы сот, жобалық-сметалық құжаттаманың және сараптаманың, қаржылық және техникалық аудиттің болмауы болды. 

Әрбір нысан бойынша әкімдік жұмыстар жүргізіп жатыр. 32 тұрғын үй кешенінің  26-сы бойынша аудит жүргізілді, 13 тұрғын үй кешені бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленді және мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. 19 нысан бойынша жобалық-сметалық құжаттама дайындау және түзету сатысында. "Нұрлы Жер" бағдарламасына өзгерістер енгізілді, бұл инвесторлар іздестіруді жеңілдетуге және құрылыс жұмыстарын жеделдетуге мүмкіндік берді. Әрбір объект бойынша қадамдық іс-шаралар жоспары әзірленді, объектілердің жол картасы бекітілді. 

Көтерілген мәселелердің бір бөлігі шешілсе,  қалғандары жұмысқа алынды. Осындай кездесулер жүйелі түрде өткізілетін болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы