«Алтай» футбол клубы жекеменшікке берілуі мүмкін
Облыс басшылығы клубты коммерцияландыру мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл туралы ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов ОКҚ брифингінде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Өскеменнің футбол клубы 13 жылдан кейін алғаш рет премьер-лигаға өтті. Бұған дейін клуб жыл сайын бюджеттен 1 млрд теңгеге дейін қаржы алып келген.
Клубты жекеменшікке беру мәселесі жан-жақты қарастырылып жатыр. Басқа футбол командаларының тәжірибесі де ескерілуде. Әртүрлі нұсқалар бар. Қазір бұл мәселе талқылануда, – деді Сақтағанов.
Әкімнің айтуынша, өңірде клубқа демеушілік қолдау көрсетуге дайын ірі кәсіпорындар бар.
Әзірге ешқандай ұсыныс түскен жоқ, бірақ біз оларды қарастыруға дайынбыз, – деді Сақтағанов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елімізге Ресейден 63 мың жұмыртқа заңсыз кіргізілмек болды
Өзгелердің жаңалығы