Алтай ауданындағы перзентхана 120 мың адамды қамтымақ
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Алтай ауданына жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Даниал Ахметов аудан орталығында жөндеу көрген перзентхана ғимаратының жұмысымен танысып, биыл жаңадан бой көтерген спорт алаңдары мен аулаларды аралап қайтты.
Тұңғыш президент күні қарсаңында өңір басшысына таныстырылған Алтай қаласындағы қайта жөндеуден өткен Ауданаралық аурухананың перзентхана бөлімшесі бұдан былай үш ауданның тұрғындарына қатар қызмет етпек. Жыл сайын 120 мың жүкті әйелді қабылдауға мүмкіндігі бар бөлімше үшінші деңгейдегі перзентхана болмақ. Алтай ауданымен қатар, Катонқарағай, Күршім аудандарының халқын қамтитын перзентханаға 2018 жылы 357 млн теңгеден астам сома қаражат қарастырылып, 31 түрлі 67 дана медициналық құрылғылар және техникалар сатып алынған екен.
Былтыр Алтай ауданының 9 медицина қызметкері Лондон қаласында біліктіліктерін көтеріп келсе, биыл аталмыш перзентхананың бес медициналық қызметкері Литваның Вильнюс қаласында білімдерін жоғарлату курстарынан өтті», - деді Даниал Кенжетайұлы.
Қоса кетсек, бүгінгі таңда перзентхана бөлімшесінің екінші және үшінші бөліктерінде жөндеу жұмыстары тәмамдалған. Ғимараттың ішіндегі жөндеу жұмыстары 70 пайызға, ал қасбетіндегі жөндеулер 90 пайызға аяқталып, қарастырылған қаражат 88 пайызға игерілген. Перзентхананы жөндеу жұмыстары толықтай 2019 жылдың 15 желтоқсанында аяқталады деп жоспарланған.
Біз секілді жанұялардың тұрмысына көңіл бөліп жүрген сізге және аудан әкіміне айтар алғысымыз шексіз, - деді бүгінде төрт баланы өсіріп отырған көпбалалы ана Ирина Надырова.
Бұдан бөлек, облыс әкімі үш баланы жалғыз өзі тәрбиелеп отырған Миршат Шакенованың да отбасында бұрылып, плазмалық теледидар мен жеміс себетін сыйға тартты.
Сондай-ақ, бұл күні Даниал Ахметов Алтай қаласының Комсомольская, Жақсыбаев, Коммунистическая көшелеріндегі жаңадан салынған спорттық-ойын алаңдарының және Комаров, Солнечная көшелеріндегі аулалардағы орташа жөндеу жұмыстарымен танысты. Жұмыс сапарының соңында аудан белсенділерімен "Горняк" мәдениет үйінде кездесу ұйымдастырып, өңір тұрғындарын келе жатқан Тұңғыш президент күнімен құттықтады.