Алматы облысында 20 жастарға қызмет көрсету орталығы ашылады
Астана, baq.kz. Облыс әкімі Амандық Баталов жастармен өткізген кездесуінде осындай ұсыныс айтылып, оған облыс басшысы қолдау білдірді, деп мәлімдейді облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Облыс басшысының айтуынша, өңірдің барлық аудан орталықтары мен қалаларында биылғы жылы жастарға қызмет көрсететін заманауи орталықтар салынып, іске қосылады.
«Жас өркендерге жайлы жағдай жасау – Мемлекет басшысы алдымызға қойған маңызды міндеттің бірі. Талдықорғандағы Жастарға қызмет көрсету орталығы сияқты нысандарды салып, іске қосуымыз керек. Оларға аудандық, қалалық жастар ресурстары орталықтары орналасады. Сол орталықтарда қажетті қызметтер алуға, оқу мен жұмысқа тұру бойынша кеңес алуға, өзара араласуға, креативті жобалармен бөлісуге, талқылауға, бос уақыттарын тиімді өткізуге мүмкіндіктер жасалады. Жастар жылында облыс бойынша осындай орталықтар ашу игі іс болмақ», - деді Амандық Баталов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
АҚШ долларының құны артып барады
Өзгелердің жаңалығы