Альпі тауларында мұздық еріп жатыр

Альпі тауларындағы мұздықтар мен қар рекордты жылдамдықпен еріп жатыр. Бұл аймақтағы туризмге кері әсер етуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мәселен, Швейцариядағы Еуропаның ең үлкен шаңғы тебу демалыс орыны – Церматқа адам аз келетін болған.

Биыл бұл жердегі мұздықтардың биіктігі 5 сантиметрге төмендеп, ауа температурасы 0,3 градусқа жылынған. 

Біріккен Ұлттар Ұйымының климат өзгерісіне арналған есебінде 2100 жылға қарай Альпідегі мұздардың 80 пайыздан астамы еритіні көрсетілген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы