Әлназарова: Министрдің креслосы жауапты
Жақында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі болып тағайындалған Ақмарал Әлназарова өте жауапты қызметке келгенін, халықтан қолдау күтетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Министрдің креслосы өте жауапты. Біріншіден, ол Президенттің үлкен сенімі. Екіншіден, халықтың күтіп отырған үлкен нәтижесі. Сондықтан осы екі үлкен мәселе маған жауапкершілікті жүктейді. Айтарлықтай қорқыныш жоқ. Бұл жерде жұмыс істеу керек. Өздеріңізден қолдау күтеміз, - деді министр.
Журналистердің "қашпайтын министр" боласыз ба? деген сауалына да жауап берді.
Қашпаймын, - деді министр.
Айта кетейік, Ақмарал Әлназарова Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрі лауазымына тағайындалған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ұлттық банк өткен жылы 181 жалған банкнотаны анықтады
Өзгелердің жаңалығы