Алмаз Ыдырысов «Көлік апталығы-2022» халықаралық форумына қатысты

 Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Алмаз Ыдырысов «Көлік апталығы-2022» халықаралық форумы шеңберінде Мәскеу қаласында өткен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің көлік саласындағы уәкілетті орган басшылары кеңесінің отырысына қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ИИДМ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше,   жиында сонымен бірге  Армения, Беларусь, Қырғызстан  және  Ресей елдерінің өкілдері болды.

А. Ыдырысов ЕАЭО ынтымақтастығы барлық қатысушы елдер үшін аймақтық саясатты және көлік пен инфрақұрылымды дамыту саласында стратегиялық маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар отырысқа қатысушылар ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің көлік кешендерінің 2022 жылғы жұмысы туралы және одаққа мүше мемлекеттердің 2021-2023 жылдарға арналған көлік саясатын іске асырудың негізгі бағыттары мен кезеңдерін, іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру барысы туралы өзекті мәселелерді талқыға салды.

Сондай-ақ вице-министр Ресей Федерациясы Көлік министрінің орынбасары Д.Зверевпен және Беларусь Республикасы Көлік және коммуникация министрінің бірінші орынбасары А.Ляхновичпен кездесті. Сонымен бірге форум шеңберінде вице-министр ТМД елдерінің Көлікті үйлестіру кеңесінің 42-ші отырысына қатысты. 

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің тұрақты дамуына бағытталып, сол елдердің ұлттық экономикасын жан-жақты жаңғырту, кооперациялау және бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында құрылған болатынын айта кеткен жөн. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы