Алматының жас боксшылары «Канелло» залында жаттығу мүмкіндігіне ие болды

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Қазақстан Кәсіпқой бокс федерациясының бас хатшысы Болат Манкенов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осы жылы 21 және 22 қазанында елордада «Green Belt WBC Kazakhstan» пилоттық жобасының финалы өтті. Ақтық жекпе-жектің қорытындысы бойынша үш алматылық жас боксшы WBC чемпионы белбеуін иеленіп, 1 млн теңге көлеміндегі ақшалай сыйлықтың иегерлері атанды.

Баспасөз конференциясында сөз сөйлеген Қазақстан Кәсіпқой бокс федерациясының бас хатшысы Болат Манкенов бұл жарыс дәстүрлі түрде АҚШ, Аргентина және Мексика елдерінде өткізілетінін атап өтті.

Жарысты ұйымдастыру жоғары деңгейде өтті. Оларға Республиканың барлық қалалары мен облыстарының жас спортшылары қатысты. 20 өңірлік дивизион құрылып, іріктеу жарыстары басталды. Гранд-финалда төрт аймақтың чемпиондары, бес түрлі салмақ дәрежесінде жасыл белбеу үшін бақ сынасты, - деді БолатМанкенов.

Қазақстан Кәсіпқой бокс федерациясының президенті Виктор Демьяненконың айтуынша, бұл турнир тек кәсіпқойлар арасында ғана емес, сонымен қатар бокс әуесқойлары арасында да танымал. Ол мұндай жарыстарды өткізу бокстың дамуына және жаңа чемпиондардың пайда болуына серпін беретініне сенімді.

Турнирге әуесқой бокспен айналысатын балалар қатысты, бірақ бұл титул олардың одан әрі дамуына және Қазақстан құрамасының көшбасшыларына ұмтылуына кезекті ынталандыру болатынына сенімдімін. Біз бұған үміттенеміз, сондықтан мұндай жобаны біздің балаларымыз бен көрермендеріміз үшін пайдалы деп санаймыз, - деп атап өтті.

Спортшылар турнирге екі ай дайындалды. Келесі жылы Чемпиондар әйгілі боксшы Сауль Альвареспен бір залда «Канело» лагерінде жаттығу өткізуді жоспарлап отыр. ӨКҚ алаңына жас боксшылар да, өз ойларымен бөлісті.

Мені боксқа әкем алып келді. Ол бұрын бокспен айналысқан және мені әр уақытта өзімен бірге жаттығуға апаратын. Сол кезде мен осы спорт түрімен айналысамын деп шештім. Кәсіби бокстағы негіздер мен жаңа тәсілдерді көріп, білу жоспарда барә, - деп атап өтті өз кезегінде боксшы, Green Belt WBC Kazakhstan белбеуінің иегері Асанәлі Сәтпаев.

Green belt WBC Kazakhstan белбеуінің тағы бір иегері, боксшы Абай Байғалық боксқа өзінің кумирі - атақты қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің жетістігінен шабыт алып келгенін атап өтті.

Біздің қазақстандық боксшының әрбір жекпе-жегін көріп, оның жеңістеріне қызығушылық танытып, мен боксты таңдаймын деп шештім. Сондай - ақ маған Жәнібек Әлімханұлының стилі мен мәнері ұнайды, шетелдік боксшылардан мен Джарон Эннисті атап өтер едім, - деді ол.

Журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, боксшы, Green Belt WBC Kazakhstan белбеуінің иегері Зульфат Ярмұхамедов турнир кезіндегі қиын сәттер туралы айтып берді. Мысалы, егер жас боксшылар бұрын үш раундта жекпе-жек өткізсе, бұл жарыс төрт раунд бойы өтті.

Біз әрқашан үш раунд жұдырықтасатынбыз. Төртінші раунд - бұл басқа деңгей және әлдеқайда ауыр, мұнда мінез көрсетуден басқа жолы жоқ, - дейді ол.

Федерация чемпиондардың өздерінен басқа, жазғы демалыс кезінде «Канело» лагеріндегі оқу-жаттығу жиындарына турнирдің жүлдегерлері де қатысатынын атап өтті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі
Өзгелердің жаңалығы