Алматының жаңа санитарлық дәрігерінің есімі белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласының бас санитарлық дәрігерінің міндетін  Сәдуақас Байғабылов атқаратын болды.

Былтыр 24 желтоқсан күні Жандарбек Бекшин мегаполистің бас санитарлық дәрігері қызметінен кететінін айтқан еді. 27 желтоқсаннан 4 қаңтар аралығында оның міндетін Қарлығаш Әбдіжаппарова атқарды.

Ал Сәдуақас Байғабыловқа 5 қаңтардан бастап Алматының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің міндетін атқару жүктелген.

Сәдуақас Байғабылов Қарағанды мемлекеттік медакадемиясын «Гигиенист-эпидемиолог дәрігер», Орталық Қазақстан академиясын «Құқықтану», Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Экономика» мамандықтары бойынша тәмамдаған. 

Әр жылдары Қарағанды облысы Санэпидемқадағалау департаментін басқарған, Нұр-Сұлтан қаласының, Павлодар, Атырау облыстарының бас санитарлық дәрігері қызметін атқарған. Оңтүстік астананың бас сандәрігерінің міндетін атқарушы болғанға дейін мегаполисте бас санитарлық дәрігердің орынбасары болған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы