Алматының жаңа әуежайы алғашқы рейстерді қабылдады

Алматы қаласының әуежайының жаңа терминалы алғашқы рейстерді қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан Республикасы Президентінің Қ. К. Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауына сәйкес көлік-логистика саласы еліміздің экономикалық дамуының локомотивтерінің бірі болуға тиіс. 

Алматы қаласы әуежайында жаңа терминалдың ашылуы бұл тапсырманы іске асыруда стратегиялық маңызы бар. Жаздың бірінші күні Алматы қаласы әуежайының жаңа терминалы алғашқы рейстерді қабылдады. 

«Эйр Астана» әуекомпаниясының Лондон-Алматы бағыты бойынша ұшқан әуе кемесі таңғы 8-50-де әуежайға келіп қонды (КС-664 рейсі). Әуе кемесінде 94 жолаушы болды. Ал сағат 09-50-де алғашқы болып Алматы – Доха бағыты бойынша "Эйр Астана" әуе компаниясының әуе кемесі ұшады (КС-653). Бортта 166 жолаушы бар. Әуежай атынан жаңа терминалдың алғашқы жолаушыларына естелік сыйлықтар табысталды. 

Алматы қаласы әуежайының жаңа терминалының құрылысы 2021 жылдың мамырында басталды және толығымен инвестиция есебінен жүзеге асырылды. Терминалдың аумағы 53 мың шаршы метрді құрайды. 

Жаңа терминалда 7 телескопиялық трап, 50 тіркеу тірегі, 6,2 мың багажды өңдеуге арналған 4 лента қарастырылған. Жаңа терминал жылына 14 млн жолаушыны өткізуге қабілетті. Алдағы уақытта әуежайдан 10 елге 15 халықаралық маршрут бойынша отандық және шетелдік компаниялар қатынайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы