Жыл басынан бері 30 мың жаңа жұмыс орны ашылды – Сағынтаев

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда жұмыссыздық деңгейі 5,1%-ға дейін төмендеді. Жыл басынан бері 29,2 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев мемлекет басшысының қатысуымен өтіп жатқан кеңесте айтты. 

Жиын барысында қала әкімі 2019 жылдың 9 айындағы дамудың негізгі нәтижелеріне және қаланың алдында тұрған түйінді мәселелерге қысқаша тоқталып өтті. 

"Көрсеткіштер әлеуметтік-экономикалық дамудың оң динамикасын көрсетіп отыр. Өнеркәсіп 5,9%-ға артты, инвестиция – 5,5%-ға, құрылыс 3,1%-ға артты", - деді Бақытжан Сағынтаев. 

Сондай-ақ, ол тұрғын үйді пайдалануға беру 2,8%-ға өскенін, ал инфляция 3,3%-дан аспайтынын жеткізді.

"Салықтық әкімшілендіруді жақсарту есебінен мемлекеттік бюджетке түсетін салық өткен жылға қарағанда 12,4%-ға көп жиналды", - деді ол.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев екі күндік жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды. Мемлекет басшысы Алматы білім, ғылым және іскерлік орта ретінде дамып келе жатқанын айтты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы